Солтүстік Қазақстан облысы – ел астығының төрттен бір бөлігін беретін аграрлы өңір. Жергілікті аграрийлер мұндай нәтижеге құнарлы топырақтың арқасында қол жеткізіп отыр. Сондықтан егіннің сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсарту үшін топыраққа талдау жүргізіп, құрамындағы қоректік заттарды анықтаудың маңызы зор.
Осыдан бір жыл бұрын өңірімізде осы міндетті атқаратын “AgroLab” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі бірегей зертхана өз жұмысын бастаған еді. Жаңа зертхананың ашылу салтанатына қатысқан Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина бүгінгі таңда елімізде жерді ұтымды пайдалану және егін шығымдылығын арттыру басым бағыттардың бірі екеніне тоқталып, осы мақсатты жүзеге асыруда зертхананың әлеуеті зор екеніне сенім білдірген болатын. Ол мұндай заманауи нысандар еліміздің барлық өңірлерінде ашылуы керек деген ойын жеткізді. Ел бойынша алғашқы толық автоматтандырылған зертхана мамандары осы уақыт аралығында өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқарып келеді.
Толығырақ газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.