Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастамасымен құтқару спорты бойынша облыстық турнир өтті.
Құтқарушылардың тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған сайыс Петропавлдағы №3 өрт сөндіру бөлімінің алаңында және Назарбаев зияткерлік мектебінің стадионында өткізілді. Жарысқа қатысушылар жеделсатымен оқу-жаттығу мұнарасының 4-қабатына көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақта жүгіру және тағы басқа да сынақтар бойынша сайысқа түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша облыс орталығындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. №4 және №5 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлерінен жасақталған команда екінші болса, аудандардан келген құтқарушылардың тобы үздік үштікті түйіндеді.
Дархан ДҮЙСЕМБЕКОВ,
Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің аға инженері.