«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕРГЕ – ҚҰРМЕТ

Азаттықтың ақ таңы арайлап атқан 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай үздік судьялар мен сот саласының жұмысын баспасөз бетінде насихаттап жүрген өңіріміздің журналистерін құттықтады.

Сондай-ақ, бұл күні бір топ сот қызметкерлеріне Жоғарғы Сот төрағасының атынан “Мінсіз қызметі үшін” медалі, “Сот жүйесінің үздігі” төсбелгісі, “Қазақстан Республикасы судьялар кеңесінің құрметті мүшесі”, “Үш би” құрмет белгілері салтанатты түрде табыс етілді. Жыл бойғы жұмысының жақсы нәтижесі үшін судьяларға, сот кеңсесінің мамандарына Жоғарғы және облыстық сот төрағаларының атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары берілді. Ал аудандық және оларға теңестірілген соттар байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандарға компьютер сыйға тартылды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp