Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Петропавлда жастар арасында спорттық акробатикадан және акробаттық жолақ пен батутта секіруден республика біріншілігі өтті. Сайысқа еліміздің Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Батыс, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының 140 үздік акробаты қатысты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Үш күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша акробаттық жолақта – Олег Ремигайло мен Елизавета Мец, батутта секіруде – Сергей Галицкий, ал командалық акробаттық жолақта Иван Русаков, Александр Шашков және Олег Ремигайло жеңіске жетті.
(Өз тілшіміз).