Қыркүйектің 27-сі күні Петропавл қаласында “ZhasCamp” конференциясының аясында жастардың әлеуметтік жобалары мен идеялары ұсынылады.
“ZhasCamp” – қоғамдық бастамалар мен кәсіпті талқылап, дамытуға арналған тәуелсіз жастар алаңы. Жоба тоғыз жыл бұрын қолға алынған. Қатысушылардың жұмыстарына сараптамалық баға беріліп, соның нәтижесінде олар өз жобаларының сапасын арттыра алады. Ал үздік бастама иелері қазан айында Алматы қаласында өтетін “ZhasCamp” жобасына тегін қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал оған қатысып, жұмысы жоғары бағаланған жастарға бір жыл бойы шетелдік сарапшылар қолдау көрсетеді.
Оған 25 жасқа дейінгі адам немесе топ қатыса алады. Олардың жұмыстары әлеуметтік мәселелерді шешуге, яғни, өңір тұрғындарының, соның ішінде ерекше қолдауға ие топтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, бағытталуы тиіс. Ақылы немесе авторына қандай да бір пайда келтіруді көздейтін жобалар қатыса алмайды. Қатысуға ниет танытқандардың өтініші zhascamp.kz. сайтында қабылданады.
Сурет https://pkzsk.info сайтынан алынды.