«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік полицейлер – «Халық алғысы» медалінің иегерлері

  

Облыстық полиция департаментінің кезекті аппараттық жиналысы марапаттау рәсімінен басталды. Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев «Халық алғысы» медалін табыс етті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирусқа қарсы күресте ерекше көзге түскен 25 солтүстікқазақстандық полицей атап өтілді. Полицейлер төтенше жағдай кезеңінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік атқарған, карантин аймағын күзеткен, коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауыратын науқастардың жүрген жерлерін анықтады.

       Марапаттау рәсімі барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра өткізілді. Полиция ведомствосы басшысының қолынан М.Жұмабаев аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қайрат Бимендин, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Марат Әлжанов, Тайынша аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтанов, Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов мемлекеттік наградаларды алды. Марапатталғандардың арасында әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Оспанов пен патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мәдиев, патрульдік полиция мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де болды.
«Халық алғысы» медалі иегерлерінің қатарында облыстық полиция департаменті медициналық бөлімінің басшысы Сергей Федоров пен емханасы бар госпиталінің зертханашысы Наталья Бубенконың есімдері аталды. Наталья Бубенко ведомстволық медициналық қызметте 13 жыл жұмыс істейді. Коронавирусқа қарсы киімде ол көмегі қажет болған барлық полиция объектілеріне барып, ПТР-талдамаларын өткізу үшін ауыз қуыстарынан жағындыларды алды. Жалпы пандемия кезеңінде емханасы бар госпитальдің медициналық қызметкерлері 1,5 мыңнан астам зерттеу жүргізген. Бұл наградалар – коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жағдайды тұрақтандыруда полицейлердің қосқан ерекше үлесіне берілген баға.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp