Инвестициялар және даму министрлігі жүргізген ұлттық инновациялық байқаудың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы «Ең инновациялық белсенді өңір» номинациясына лайық деп танылды.
Қазақстанда 2005 жылдан бастап өтіп келе жатқан инновациялық байқауға бүгінге дейін елдің барлық өңірінен 5000-нан астам инноваторлар қатысқан. 2016 жылы номинацияның әр түрі бойынша үздік жобалар айқындалды.
Дәстүр бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне «Орта мектептер оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба», «Студенттер арасында үздік инновациялық жоба», «Үздік рационализаторлық ұсыныс» атағы берілді.