«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үміткерлерді тіркеу аяқталды, үгіт басталды

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев үстіміздегі жылдың 20 наурызына белгіленген барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында дауысқа түсетін депутаттыққа кандидаттарды тіркеу аяқталғанын хабарлады. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, жалпы 724 солтүстікқазақстандықтан өтініш түссе, оның 661-і тіркеуден өткен. Халық қалаулысы болуға бел буғандар түрлі салада қызмет етеді. Олардың арасында уақытша жұмыс істемейтіндер де бар. Тіркелген үміткерлердің 67,2 пайызы – ер адамдар, 32,8 пайызы – әйелдер. Үміткерлердің орташа жасы – 43.

– Облыстық мәслихаттағы 31 орынға – 96, қалалық мәслихаттағы 19 орынға – 58, аудандық мәслихаттардағы 167 орынға 507 үміткер тіркелді. Олардың 215-і саяси партиялардан болса, 446 үміткер – өзін-өзі ұсынған. Тіркеу барысында ешқандай заң бұрмалаушылықтар болған жоқ, – деді Асқар Сақыпкереев.

Мәслихаттар депутаттығынан үміткерлер 24 ақпаннан сайлауалды үгіт жұмысын бастады. Жергілікті атқарушы органдар сайлауалды үгітті жүргізу үшін барлық жағдайды жасауда. Саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын, сайлаушылармен кездесетін орындары белгіленген.

Саяси науқанның барысын бақылау мақсатында өңірімізге ЕҚЫҰ-ның екі өкілі келді. Ал сайлау күні олардың қатарына халықаралық бақылаушылар қосылады деп күтілуде.

Сайлаушылардың толық тізімі 28 ақпан күні әзір болмақ.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp