«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТІРКЕУ АЯҚТАЛДЫ

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді тіркеу кезеңі аяқталды. Еліміз бойынша тіркелген 13 мыңнан астам жастың 7 312-сі қажетті құжаттарды жүктеп, белгіленген мерзімде тіркелді. 

Резервке тек үздік және барынша дайындалған 300 жас қабылданады. Осылайша, бір орынға 24 үміткерден келеді. Тізімде еліміздің барлық өңірлерінің өкілдерімен қатар, шетелдегі қазақстандықтар да бар. Үміткерлер арасында жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері, алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, “Астана” халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері және қатардағы мемлекеттік қызметшілер бар. Олардың барлығы вербалды және сандық болып екі блоктан құралатын іріктеудің екінші кезеңі – тестілеуге қатыса алады. Бұл кезеңде қатысушылардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті анықталады. Тестілер арнайы білімді бағаламайды, сондықтан теориялық материалдар бойынша алдын ала дайындықты талап етпейді. Қатысушылар тестілеуден Pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы өтеді және қорытндысы осы жерде тексеріледі. Тестілеу 12 қазан күні өтеді. Келесі кезеңдер – эссе жазу, жобаларды таныстыру, құзыреттілікті бағалау, Сараптамалық комиссияда әңгімелесу және Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатураларын қарау мерзімдері Pkrezerv.kz сайтында, “Фейсбук” әлеуметтік желісіндегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Президенттік жастар кадр резерві парақшаларында хабарланады.

Сурет ortcom.kz сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp