«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үндістанда алтыннан жасалған маскаға тапсырыс берген кәсіпкер көз жұмды

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясының тұрғыны Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болған.

Шілде айында шетелдік басылымдар алтын бұйымдарды тағуды ұнататын 49 жастағы кәсіпкердің коронавирустан қорғану үшін алтыннан жасалған маскаға тапсырыс бергенін жазған еді. Шеберлер оған 60 грамм тартатын алтын масканы 8 күнде жасап берген.
Кәсіпкер мұндай масканы жасату үшін 4 мың АҚШ долларын төлеген.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp