Уәлиханов ауданындағы Бидайық ауылында кешкісін малды қарсы алуға шыққан 12 жасар балаға найзағай түсіп, қаза тапты.
Жергілікті фельдшерді шақырған ер адам мен фельдшерлік-акушерлік қосынның жүргізушісі де сол жерге екінші рет түскен жай отынан тіл тартпай кеткен.