«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮШ АДАМ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ

Петропавл қаласының Н.Островский көшесіндегі жылу коллекторында белгілі бір тұрағы жоқ 24 және 45 жастағы екі адам дене жарақатын алып және газбен уланып, ауруханаға түсті. Олар мас күйде өрт қауіпсіздігін сақтамаған.

Облыс орталығының Украин көшесінде өз үйінің ауласында автомобиліне жанармай құйып жатып, 43 жастағы петропавлдық байқамай үстіне канистрден бензин төгіп алыпты. Сырт киімін шешіп жатқанда электр ұшқынынан бензин буы өздігінен тұтанып, автокөлік иесі термиялық күйікке шалынған. Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Булаево қаласындағы және Возвышенка ауылындағы тұрғын үйлерден, Петропавл қаласының Ружейников көшесіндегі гараждан шыққан өртке пештердің ақауы себеп болып отыр. От баспаналардың сәкісін және төбелерін жарамсыз етті.

Булаево мен Петропавл қалаларында сымдардың қысқа тұйықталуынан және көлікті газбен қыздырудан екі шетелдік автомобиль өртенді.

Жыл басынан бері облыста 50 өрт болып, 6 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 2 адам қайғылы қазаға ұшырады, 3 адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

  облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp