Өткен жылы өңірімізде 6364 сәби дүниеге келді. Соның 3280-і – ұл, 3084-і – қыз. Нәрестелердің 43 пайызы облыстық перинаталдық орталықта туды. Бала туу көрсеткіші бойынша, Уәлиханов және Шал ақын аудандары алда тұр. 2018 жылмен салыстырғанда бір жасқа дейінгі бала өлімі 17,2 пайызға кем. Жалпы өңірде 549,2 мың тұрғын бар. Ал олардың дені ауылда тұрады.
Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 6148 адам қайтыс болған. Ерлі-зайыптылардың ажырасуы 5,8 пайызға төмендеген. Өткен жылы АХАТ органдары 3143 некені тіркесе, 1833 жұп ажырасқан.