«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕМІЗ ЕСКЕРІЛДІ

Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі Қазақстанның ұлттық мүддесіне нұқсан келтірмейді. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Республикасы СІМ басшысының орынбасары Самат Ордабаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО туралы келісімнің институционалдық бөлімі мен ондағы Еуразиялық экономикалық комиссия, Одақ соты жарғысы, ЕАЭО-дегі әлеуметтік кепілдер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы үш қосымшадан бөлек, тағы екі құжат келісілді.

Бұл – Халықаралық қызметті жүзеге асыру тәртібі мен Үшінші елдермен Одақтың халықаралық келісімдерін даярлау мен бекіту тәртібі.

Соңғы екі құжатта Одақтың барша халықаралық қызметі қарастырылған. Оның Комиссиясы негізгі реттеуші орган ретінде Одақтың жоғары органының, яғни Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (Мүше мемлекеттер мемлекет басшылары) қатаң қадағалуына қойылған. Тек Кеңестің келісімімен және оның мандатымен кез келген халықаралық келісім әзірленіп, бекітілетін болады.  

“Мен бұл мәселеге ерекше тоқталып өттім. Себебі, жұртшылық арасында мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен мүддесіне нұқсан келтіретіндей, еліміз қандай да бір жаңа шарттарға біздің келісімсіз тартылады деген үрей бар. Бұған жол берілмейді. Барлық келісім бойынша бізде үш-бес қабат қорғаныс ескерілген. Болашақ Одақтың кез келген іс-қимылы бойынша, яғни шешім қабылдау, сондай-ақ, оны жүзеге асыру тұрғысында ел мүддесіне нұқсан келтірілмейді”, – деді С. Ордабаев.

  ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp