«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұмытылмайтын ерлік

Бұрнағы күні қолдарына қызыл қалампыр ұстаған солтүстікқазақстандықтар күннің суығына қарамастан Ауған соғысында қаза болған жерлестерімізге арналған ескерткіш маңына жиналды. Себебі, осыдан тура 37 жыл бұрын Кеңес әскері Ауған елінің аумағына енгізіліп, ел ішіндегі азаматтық “соғыс” өңiрлiк соғысқа ұласып, халықаралық сипат алған еді. Осыны еске түсірген қызылжарлықтар ескерткішке облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан гүл шоғы қойылғаннан кейін шейіт болған сарбаздардың рухына тағзым етті.

Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың сарбаз қатысты. Оның мың жарымға жуығы – жерлестеріміз. Солардың бірі – Серік Ахметжанов әскер қатарына 18 жасында шақыртылған. Өз қызметін Кабулдағы әскери бөлімдердің бірінде атқарған ол қасындағы 50 сарбаздың тек алтауы ғана елге оралғанын айтады. Ал біздің өңірден аттанғандардың қырық алтысы жат жерде қалды. Тағы осынша адам елге мүгедек болып оралды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp