Тірі өлік (Әңгіме)
…Есікке қалай жетіп барғанын өзі де аңғармай қалды. Саңлаудан сығалап тұр. Өкшесі тық-тық етіп, біреу жоғары көтеріліп келеді. Әйел адам, аяқ басысына қарағанда, жас сияқты. “Айжан болмасын?..” Көршісі Әлкеннің университетте оқитын қызы екен, үйіне кіріп кетті. Құр сүлдері, сүйретіліп төсегіне беттегені сол еді, сыртқы есік сарт етіп, тағы ашылды. Бұл тағы да есікке жабысты. Бір …