«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰМЫТ ҚАЛҒАН АТАУЛАР

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру” мақаласының жа­рық көргеніне үш жылдан асты. “Туған жердің әрбір сайы мен қырқа­сы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауы­ның төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әң­гі­мелер бар. Әр­бір өлкенің халқына суықта пана, ыс­тық­та сая болған, есімдері ел есінде сақталған бір­туар пер­зенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс”, – делінген мақалада. Бүгін жас оқыр­ман­да­ры­мыздың туған жер туралы түсінігін одан сайын ке­ңейте түсу мақсатында “Ólketaný dáristeri” атты жаңа айдар ашып отырмыз. Алдағы уақытта оның шеңбе­рін­де танымдық мақа­лалар беріп тұрмақшымыз. Бөлімді 5-7-сынып оқушылары үшін жазылып, облыс мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген “Өлкетану” оқулығы авторларының бірі, Қазақстан жоғары мектебі ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Тайшыбай жүргізеді.

“Ólketaný dáristeri” айдарының алғашқы мақаласын негізгі түсі­ніктерге анықтама беруден бас­тағанды жөн көріп отырмыз. Топо­ним деген не? Гректің “topos” – жер, мекен жəне “onyma” – “ат, атау” деген сөзінен шыққан геог­ра­фиялық атауларды, оның мəн-мағынасын зерттейтін ғылымның бір бөлігі. Топонимия – белгілі бір елді мекеннің (аудан, облыс, ел­дің, т.б.) географиялық атаулары­ның кешені деген сөз. Топоними­каны зерттеу ғылымы тіл, тарих және география деген үштаған­нан тірек табады, солармен нәр­ленеді, солар арқылы айқында­лады. Осыдан былайғы сөз сап­тауымыздан байқалатындай, топонимиканың көптеген мәсе­ле­лері таза тіл білімі тұрғысында ше­шіле бермейді, онымен айналыс­саңыз тарихты да, географияны да, олардың құрамдас бөліктеріне дейін жақсы меңгере бересіздер.
Ендігі әңгімені антропонимдер­ге қарай бұрсақ. Яғни, жер-су атау­ларының адам есімдерімен байланысты қойылғандарына на­зар аударсақ. Мысалы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Сәбит ауылы, Тимирязев селосы дегендер – антропонимдер. Әдетте, топоним түрінде пайдалану үшін ол адам елге танымал, еңбегі сіңген, ғы­лы­мымен, өнерімен ерекше есте қал­ған айрықша тұлға болуға тиіс. Оны күнде көріп жүрміз Шал ақын­ның, Шоқан Уәлихановтың, Ғабит Мүсіреповтың кім екенін біз түгіл, шетелдерде де біледі.
Біз осы мәселені зерттеу үстін­де бұдан 150-200 жыл бұрын осы өзіміздің облыстың аумағындағы жер атауларына негіз болған адам аттарына назар аудардық. Со­лардың бірқатарын атап көр­сет­сек, сіздердің өз аталары­ңызды тауып алуларыңыз әбден мүмкін.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp