Мағжан Жұмабаев ауданындағы бір шаруа қожалығының иесі өзіне тиесілі 30 мың теңге тұратын швеллерді, подшипниктер мен басқа да заттарын металл қабылдайтын пунктте кездейсоқ тауып алған соң, уческелік полиция инспекторына жүгінген. Жедел уәкілдер күдіктілерді анықтады, олар қожалықта жұмыс істейтін екі жұмысшы болып шықты. Күдіктілерге қатысты міндетті келу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.
Ал Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысының және Теміртау қаласының тұрғындарын ұстады. Олар аудандағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ангар құрылысында жұмыс істеп жүріп, құны 1 млн. теңге 700 метр алюминий кабелін, автомобиль серіппегішін, дән атқыштың редукторларын ұрлады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы металл қабылдайтын пунктердің бірінен ұрланған мүлікті алу рәсімдері жүргізілуде. Содан кейін мүлік иесіне қайтарылады, күдіктілер жауапқа тартылады.