«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұсыныстар қолдау тапты

Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалы­ның ұйымдастыруымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау тақырыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Оған жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқыға салды.

Қоғам белсенділері шаһардағы күр­делі мәселелерге қатысты өз ойларын үнемі ашық білдіріп келеді. “Біз осындай дөңгелек үстелдердің бірнешеуін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл – алғашқысы. Мақсатымыз – шешімін таппай жүрген түйінді мәселелерге биліктің және қоғамның назарын аудару, бірлесе отырып, шешу механизмдерін табу. Бүгінгі күн тәртібіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерінің шығарылуы кездейсоқ емес. Инфрақұрылымдардың ескіргені, тозғаны, оларды жаңарту, сол сияқты қаланы абаттандыру, көгалдандыруға қатысты өтініш-тілектер аз емес”, – деді “дөңгелек үстел” отырысын ашқан ҚКХП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бірінші хатшысы Сергей Мартемьянов.

Тұрғындар түрлі кездесулерде аулаларды абаттандыруды сұрап, көлік қоятын орынның, балалар алаңдары­ның жоқтығын жиі айтады екен. Мұның бәрі біртіндеп шешіліп келеді. Биыл қаланы абаттандыруға көп көңіл бөлінді. Жыл соңына дейін 90-ға жуық саябақ пен гүлзар пайдалануға берілмек. Аулалар қалпына келтіріліп, асфальт төселуде.

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері көгалдандыру, ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмыстарымен әр мекеме айналысу керек деген мәселе көтерді. Басқа да ұсыныстар қолдау тапты.

Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp