«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘДЕПСІЗ СӨЗДЕРІ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ

Петропавл қалалық соты әлеу­меттік желі арқылы өзгені кем­сітіп, қорлаған ер адамға қа­тысты үкім шығарды. Соттың мә­ліметінше, 28 мамыр күні Қуат­бек Иманбеков есімді азамат Ал­маты қаласында отырып, ар-ож­дан­ға нұқсан келтіру мақса­тында “Facebook” әлеуметтік желісінде С. деген азаматқа қатысты әдеп­сіз сөздер жазып, қорлаған.

Сотталушы өз кі­нәсын мойын­да­ды. Айтуынша, бұл әрекетке ба­руға С. есімді аза­маттың өзі итермелеген. Петро­павл қала­лық соты Қуатбек Иман­бековті кінәлі деп тапты. Енді ол 100 ай­лық есептік көрсеткіш мөлшерін­де, яғни 277 800 теңге айыппұл тө­лейді. Сондайақ, тұрғылықты жері бойынша мәжбүрлі түрде психиатрға тексеріліп, амбула­торлық емдеуден өтеді.

 

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp