«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әке — тірек, бала — жүрек

Облыс орталығындағы қа­зақ мек­­теп-гимназиясында бі­рер жыл­дан бері әкелер клубы жұ­мыс іс­тей­ді. Бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәс­түрлері негізінде жүр­­гізу және оны бүгінгі заманның жетіс­тік­терімен ұштастыруды көз­де­ген мектеп жас ұрпақтың ұлт­тық не­гізде қалыптасуына ма­ңыз беру­де.

Өкінішке қарай, қазіргі қоғамы­мыз­­да бала тәрбиесімен көбіне ана­лар айналысуда. Дегенмен, әке тәр­биесін, әкенің орнын ешкім де алмастыра алмасы анық. Соңғы кезде осы тақырып турасында көп әңгіме айтылып жүр. Біз олардан шет қалған емеспіз. Мектебімізде әр­бір оқушының отбасы жағдайын ес­кере отырып, олардың ата-анасымен қарым-қатынасының дұрыс болуына ұдайы көңіл бөлінеді. Осы орайда тұрақты түрде тәрбие са­ғат­тарын өткіземіз. Отбасы мәсе­ле­сін қозғайтын ақыл-кеңес беру ор­талығы жұмыс істейді. Мектепте өткен “Әке көрген оқ жонар” атты “дөңгелек үстел” басында ата-аналармен бірге аталмыш тақырып­тың маңыздылығына тоқталып, әке мен бала арасындағы байланыс­тың қандай болу керектігін талқы­ладық. “Ең бақытты ел” қоғамдық қоры ұйымдастырған вебинарда да бәріміз отбасы мәселелерін тереңірек ұғына түстік.

Кеңестің алғашқы отырысына 7-11-сынып оқушыларының 70-ке жуық ата-анасы қатысуға ниет біл­дірді. Арнайы өткізілген тренинг ба­рысында қатысушы әкелер бір-бірі­мен достық қарым-қатынас орна­тып, клуб жұмысын ұйымдастыру­да өз пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, бұрынғы және қазіргі уақытты са­лыстыру, заманауи әкелердің от­ба­сындағы орнын талдау арқы­лы тың жо­баларымен бөлісті. Клубтың жыл­дық жоспарына сәйкес әкелер ал­дағы уақытта оқушылармен ақ­па­раттық-танымдық спорттық ша­ра­ларда бас қосып, ерекше назар ау­дару қажет балалармен бір­лес­кен жұмыстар жүргізетін болады.

Психологтар анықтағандай, от­ба­сы мүшелері бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатқан жағдайда ұрыс-керістен аулақ болады. Әке тәрбиесін алған ер бала қажырлы, өжет болып өседі, ал әкесін үлгі тұт­қан қыздар өзінің ертеңгі өмірлік се­рігі болатын жолдасын таңдауда қа­теліктерге ұрынбайды. Әсіресе, жас­тайынан баланы еңбекке бау­лу­дағы әкенің рөлі жоғары. Маман­дық таңдауда да ер балалар олар­дың ақыл-кеңесіне құлақ түруі тиіс. Осы орайда айтарым, баланы бұйы­рып жекіп емес, дұрыс ақыл-кеңес бере отырып тәрбиелеген аб­зал. Өйткені, шектен тыс қаталдық танытып, шеттете берсе, бала қор­қақ болып өсуі әбден мүмкін.

Амангелді ТҰРАЛИНОВ,

қазақ мектеп-гиназиясы жанындағы әкелер мектебінің мүшесі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp