«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТТІК ЖЕЛІЛЕР АЛАҢЫНЫҢ ҮЛЕСІ

Облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев жуырда саптық бөліністердің жеке құрамымен кездесті. Кездесу патрульдік және жергілікті полиция бөліністерінде сыбайлас жемқорлық қауіптерінің және заңдылық пен тәртіптің басқа да бұзушылықтарының алдын алу мақсатында өткізілді. Полиция полковнигі Марат Төлебаев офицерлерге нақты міндеттер жүктеді, бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тиімділігін арттыруға, полиция мен азаматтық қоғам арасында ашық диалогты нығайтуға ықпал етеді.

 – Қыркүйек айында патрульдік полиция қызметкерлеріне қатысты анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының фактісі тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Әкімшілік жауапкершіліктен жалтартқаны үшін пара алған күдікті қызметкермен қатар, бірқатар тікелей басшыларға да қатаң шаралар қабылданды, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы. Жыл басынан бері облыс аумағында бес полиция қызметкері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған. Олардың арасында патрульдік полиция қызметкерлері де бар.
Марат Төлебаев кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне және басқа да заңсыз әрекеттерге қолайлы жағдай жасайтын факторларды болдырмау жұмысын күшейту қажет екенін атап өтті. «Алып жүретін бейнетіркеуіштерді қызметте пайдаланбау және бекітілген маршруттан ауытқу фактілеріне жол берілмеуі керек. Патрульдік автокөліктердегі дыбыс пен бейнені түсіретін камералар полиция жұмысының айқындылығына ықпал етуі тиіс», – деді полиция ведомствосының басшысы. Сондай-ақ, полицияның міндеті ықпал ету шараларын қабылдау ғана емес, адамдарға олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты кез-келген мәселелер бойынша көмек көрсету екенін атап өтіп, халықпен сыпайы қарым-қатынас жүргізу қажеттігіне баса назар аударды. Бүгінгі таңда полиция департаменті мен басқарма бастықтары жүргізетін әлеуметтік желілер алаңы бұған елеулі үлесін қосуда. Полиция қызметкерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне ресми аккаунттарда да шағымдануға болады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp