«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әлеуметтік қызметтердің электронды порталы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2021 жылдың қаңтарынан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдардың техникалық оңалту құралдарымен және қызметтермен әлеуметтік қызметтердің электрондық порталы арқылы ғана қамтамасыз етілетінін хабарлайды.

Оңалту құралдары мен қызметтерін (олардың рейтингін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін, құны мен сапасын ескере отырып) дербес таңдау құқығын беру, оларды алу мерзімдерін қысқарту, бизнес-үдерістердің ашықтығы, ассортименттің кеңдігі және неғұрлым жетілдірілген тауар үшін қосымша ақы төлеу мүмкіндігі порталдың ерекшелігі болып табылады.
Қызметтер мен ОТҚ (оңалтудың техникалық құралдары) алу үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қажет. Мүгедектігі бар адамдарды электрондық цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлык қоғамына немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp