«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘМБЕБАП ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚТЫ

Облыс орталығының санитарлық жағдайын қамтамасыз етумен, коммуналдық қалдықтарды тасымалдаумен, қаланы көркейтумен және көгалдандырумен айналысатын “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС-нің жарғылық капиталы сомасы 58 млн. теңгенің алты әмбебап техникасымен толықты. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов шетелдік техникаларды арнайы барып көрді.

– Біздің автопаркіміз “КамАЗ” шассиіндегі “МД-651” құрама-жинау, “КО-318А” вакуумды сыпырып-жинау машиналарымен, аспалы құрал-жабдығы бар 2 “МКСМ-800Н” минитракторымен, “ПКУ-0,8”, “ПКУ-0,8-5” қондырғылары орнатылған 2 “МТЗ-82,1” тракторымен толығып отыр. Жарғылық капиталды толықтырған 6 техникаға 58 млн. теңге қаржы жұмсалды. Олардың құрал-жабдықтары Ресей Федерациясының “Қорғандормаш” ААҚ-да шығарылған, ал “Беларусь” тракторлары өзіміздің Қазақстанда құрастырылған. Бұл техника жұмысымыздың тиімділігін арттыруға барынша көмек көрсететін болады, – дей келіп, “Петропавл-Коммунхоз” ЖШС-нің директоры Мұрат Қалиев Ерік Хамзаұлына өз кәсіпорны туралы ақпарат берді. Мұрат Бопашұлының айтуына қарағанда, аталмыш кәсіпорын 2012 жылы 26 желтоқсанда құрылған. Шаруашылықтың құрылыс-құрастыру жұмыстарына да лицензиясы бар. Бүгінгі күні серіктестікте 377 адам еңбек етеді, оның 296-сы – қоғамдық жұмысқа жіберілгендер, негізгі штат – 81 адам. Орташа айлық еңбекақы – 75265 теңге.  

Кәсіпорында 20 техника, әртүрлі мақсаттағы бірнеше аспалы құрал-жабдықтар жиынтығы, тракторға орнатылған 2 роторлы шөпшапқыш, бензинмен жұмыс істейтін аралар, газон-шапқыштар, мотокультиваторлар бар, тек қоқыс таситын машинаның өзі – 15. Серіктестік құрылғаннан бері шнекроторлы қондырғы, өрнектас өндірісіне арналған жабдық, “ЗИЛ” базасында жасалған 24 метрге дейін көтеретін автогидрокөтергіш, қоқыс шығару үшін 150 жаңа контейнер сатып алған.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp