Солтүстік Қазақстан облысында адамдар көп жиналатын бірқатар жерлерде терроризмге қарсы қорғаныс заң талаптарына сәйкес келмейді. Терроризмге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін ұйымдардың басшыларына жарты миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Адамдар көп жиналатын нысандарды тексеру барысында олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмегені анықталды. Халық көп жиналған орындарда тұрғындардың болуы және дем алулары кезіндегі қауіпсіздік мақсатында меншік иелері мен басшылары террористік тұрғыдан барлық талаптарды қамтамасыз етулері қажет. «Нысанның меншік түріне қарамастан жұмысшылар және келушілер үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілуі қажет», – дейді облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Алмас Шитканов.
Облыста бүгінгі күні террористік тұрғыдан осал 577 нысан бар. Олардың басым көпшілігі адамдар көп жиналатын білім мекемелері, емханалар, сауда үйлері, ойын-сауық орындары, сапаржай-вокзалдар. Полиция қызметкерлері олардың техникалық жарақтандырылуын, хабарландыру жүйелерінің, сигнализацияның жұмыс істеуін, эвакуациялау жолдарының қолжетімділігін, өткізу режімін сақтауды тексереді, сондай-ақ жұмысшылардың даярлығына көп назар аударылды. Әр қызметкер террористік қауіп-қатер туындаған жағдайларда іс-әрекет ету тәртібін нақты білулері тиіс.
Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының қызметкерлері 150 нысанды зерттеді. Тексеріс нәтижелері бойынша 52 ұйғарым шығарылды. Еліміздің қолданыстағы заңнамаларына сәйкес төрт басшыға қатысты әкімшілік материал жиналды.
Тексерістер кезінде нысандардың аумағы бойынша қойылған бейнебақылау камераларының саны жеткіліксіз екені анықталды. Бейнебақылау жүйесі жазбаны бір айдан астам сақтауы қажет, алайда, кейбір мекемелерде бұл талаптар орындалмай отыр. Сонымен бірге анықталған бұзушылықтар арасында қызмеикерлер террористік қауіп-қатер туындаған жағдайларда іс-әрекет ету амал-тәсілдерін білмейтін болып шықты.