Облыстық балалар ауруханасына табанына оқ жарақатын алған 16 жасар жасөспірім әкелінген.
Қызылжар ауданының тұрғыны 18 жасар танысының үйінде болған кезде пневматикалық мылтықты көрмекші болған. Мылтықтың оқталып тұрғанын білмей, жазатайым аяғына оқ атқан. Келесі күні фельдшерге жүгініп, облыстық балалар ауруханасына жіберілген. Дәрігерлер бұл факті туралы бірден полицияға хабарлаған. Казіргі уақытта учаскелік полиция әкімшілік материал жинауда. Мылтық әкімшілік сот шешіміне дейін тәркіленді. Ювеналдық полицейлер жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.