«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨМІРДЕ – БАЛЫҚШЫ, ӨНЕРДЕ – СУРЕТШІ

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында әуесқой суретші, кәсіпкер, облыстық балық өсіру және оны өндіру жөніндегі кеңестің төрағасы әрі спортшы Вячеслав Смирновтың мерейтойлық көрмесі өтті.

Суретші туған өлкесінің табиғатын шығармашылығына арқау етеді. Оның әрбір картинасында солтүстікқазақстандықтарға бала кезінен таныс жайқалған қайыңдар мен өзен-көлдерді көруге болады. Пейзаж жанрына жақын суретшіге натюрморт жанрына қалам сілтеу жат еместігі байқалады. Соңғы уақытта салған суреттерін ол өзінің 65 жылдық мерейтойына арнаған. Облыс орталығында өтіп жатқан жеке көрмесі де осы мерекеге орайластырылған.

Суретшіні мерейтойымен Виктор Крестников пен Алтын Кәрімова құттықтады. Олар әріптесіне шығармашылық табыс тілеп, Қазақстан Суретшілер одағының куәлігін табыстады.

Вячеслав Смирнов әуесқой суретші болса да, өнерсүйер қауым ортасында сұранысқа ие. Мұны 1971 жылдан бастап, күні бүгінге дейін өткізген көрмелерінің тізімінен-ақ пайымдауға болады. Жергілікті суретшінің туындылары Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында ілулі тұрғандығы да қылқалам иесі шығармашылығының бағаланғандығының бір көрінісі болса керек.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp