«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРДЕГІ ӨМІР

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Валерий Хренов егер тірі болса, биыл 75 жасқа толар еді. Би өнері шеберінің туған күніне орай “Достық” үйінде “Мгновение” деп аталатын фотосуреттер альбомының тұсауы кесілді. Шараның өтуіне Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы және “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Ұзақ жылдар “Арай” халық би ансамбліне жетекшілік еткен В.Хренов өңіріміздегі би өнерінің дамуына өзіндік леп әкелген айтулы тұлға еді.

Өмірін өнермен ұштастырған В.Хренов туралы “О том, что помню”, “Вся культура в именах”, “И не кончается прощание”, “Портреты словами” атты кітаптар жазылған. Жоғарыда аталып өткен кітаптардың және фотосуреттер альбомының авторы – “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляра Хасанова.  

Шараға жиналғандар В.Хреновтың тұлға болып қалыптасуы, өмір жолы жайында жазылған кітаптар қойылған көрмені тамашалап, рухани байлықтан нәр алды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp