«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨСКЕН ОРТАМ

Өзім дүниеге келген қазіргі Жамбыл ауданындағы Қарақамыс ауылында бастауыш мектепте оқып жүргеннен-ақ журналист болуды армандаушы едім. Арманым 1966 жылы орындалды. Тың өлкесі жабылып, облыстық газеттер қайта шыға бастаған тұста “Ленин туы” газетіне әдеби қызметкер болып қызметке орналастым. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде сырттай оқып, журналист мамандығын алдым. Үйлендім. Пәтер алдым. Редакцияның бірнеше бөлімін басқардым, редактордың орынбасары қызметіне дейін көтерілдім.

Редакциядағы көп жылғы еңбегім бағаланып, “Мәдениет қайраткері”, “Қазақстанның құрметті журналисі” төсбелгісімен, “Тың жерлерді игергені үшін”, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” мерекелік медальдарымен марапатталдым.  

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін қарап отырмай, төрт кітап жаздым. Солардың бірін – өзім қызмет еткен “Солтүстік Қазақстан” газетінің 90 жылдық тарихына арнадым. Осы газет мені өсірді, білім берді, өмір сүруге үйретті. Редакцияның ұжымы мен қалың оқырмандарын газеттің мерейтойымен құттықтаймын!

Амандық ЖАНТЕМІРОВ,

мәдениет қайраткері,

Қазақстанның құрметті журналисі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp