“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға жаңа туған сәбиді тіркеу, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындау, баланың дүниеге келуіне және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындау қызметтерін ұсынады. Биылғы жылдың 8 айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидің 145 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген, 267 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшін бір реттік және бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған, ал 134 мыңнан астам әйелге жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындалған.
Баланың тууына байланысты проактивті қызмет елімізде 2017 жылдың соңында іске қосылды. Бала дүниеге келгеннен кейін ата-анаға бірден құттықтау SMS-хабарламасы, сондай-ақ, сәбидің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс келеді. Соңғы үш жылда 85 мыңнан астам отбасы баланың тууына қатысты қызметтерді проактивті түрде алған.
Сондай-ақ, жыл басынан бері 53 мыңнан астам жұп некелерін “egov.kz” “Ээлектронды үкімет” порталы арқылы тіркеген.
Кәмел ОМАРҚЫЗЫ.