«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Өтінішіміз аяқсыз қалды”

– Алтынсарин көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін естіген жергілікті тұрғындардың қуанышында шек болмады. Себебі, тозығы жеткен көшенің ой-шұңқырлары жүруге көп кедергі келтіретін еді. Өкінішке қарай, Алтынсарин мен Пионер тұйық көшесін байланыстыратын 6-7 метрлік аумақтағы ескі асфальт толық ауыстырылған жоқ. Қалған 1,5 метр жердің жамылғысы әбден тозығы жеткен әрі ой-шұңқыры көп. Велосипед, самокат тепкен балалардың бұл жерде сүрініп құлағанын бірнеше рет көрдік. Ертең балалар жарақаттанып жатса, оған кім жауап береді? Жұмыс неліктен толық жүргізілмеген? – дейді қала тұрғыны.

Бұл сұраққа қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi автомобиль жолдары секторының басшысы Дулат Шәріпов жауап берді:

– Соңғы жылдары облыс орталығында абаттандыру, жол құрылысы, көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Шаһардың 75 көшесінде қиыршықтас төселіп, 27 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алтынсарин көшесіндегі жұмыстарды “KazFortis” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарған болатын. Сол кезде жергілікті тұрғындар мердігерден қос көшені байланыстыратын жерге де асфальт төсеуін өтінген. Серіктестік басшылығы жобалық-сметалық құжаттамада бұл жұмыстарға қаржы қарастырылмағанына қарамастан, өтінішті жерге тастағысы келмеген. Алайда, асфальт жоспарланған жерге толық төселмегенін көріп отырмыз. Мұның себебі компания өкілдеріне ғана аян. Бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жағдайдың өзінде қалған жұмыс тек 2021 жылы атқарылатын болады, – деді Дулат Серікұлы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp