«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

Көктайғақ кезінде адамдар көшеде жиі жарақат алады. Әсіресе, көктайғақ қарт адамдар үшін қауіпті. Осы орайда, жаяу жүргіншілерге бірқатар сақтық ережесіне назар аударуға кеңес береміз. Ең алдымен тайғанамайтын, өкшесі төмен аяқкиім киіңіз. Жүрген кезде табаныңызды жерге толық басып, абайлап, асықпай қозғалыңыз. Қарт адамдар ұшы резеңкелі немесе тікенектері бар таяқ ұстағандары абзал. Құлаған кезде қолыңыздағы заттарды құтқарамын деп әуреленбеңіз. Тұруға асықпаңыз, қозғалысты қажет етпейтін жарақаттар болуы мүмкін, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраңыз.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp