«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБЫРОЙ БИІГІНДЕ

Аққайыңдар аралы атанатын өңіріміздің Шал ақын ауданынан ежелден дүйім қазаққа әйгілі адамдар көп шыққан. Абылай заманында ұлы ханның ақылшысы, сенімді серігі болған Құлеке мен Құлсары батырлар, бүкіл қазаққа есімдері қастерлі Шал ақын, Тоғжан Ендібайұлы, Герольд Бельгер, Ғалым Малдыбаев, ғылымның әр саласында жетістікке жеткен ғалымдар Евней Букетов, Аманжол Қошанов, Мырзатай Серғалиев және тағы да басқа еліне елеулі тұлғалардың мекені. 

Бүгінгі таңда ел алдында жүрген жақсыжайсаңдарымыздың бірегейі академик Аманжол Қошанов Алқаағаш ауылының тумасы екенін қызылжарлықтар жақсы біледі ғой деген ойдамын. Бір ауылда туып-өскендіктен балалық шағымыз дәл бүгінгідей есімде. Іргелі ғылымның көрнекті өкілі атанған жерлесіміздің әр жетістігіне іштей қуанып, тілекші болып жүреміз. “Болар бала жасынан” деп дана халқымыз айтқандай, кішкентайынан өнегелі тәрбие алған Аманжол Қошанұлына ауылдастары зор үмітпен қарайтын. Ата-анасының да, елдің де сенімін ақтады. Абырой биігінен көрінген азаматты жерлестері де құрметтеп, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы атағын берді. Бұл – біз үшін зор мақтаныш.

Есләм МӘКЕНОВ,
Петропавл қаласының тұрғыны.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp