Петропавлдағы № 7-ші бағыттағы автобустарға QR-код орнатылды. Бұл – қанатқақты жоба қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Енді қоғамдық көлік қызметіне қатысты шағым, ұсыныс, жалпы пікіріңізді ұялы телефондағы арнайы бағдарлама арқылы білдіруге болады. Енді қаланың кез-келген тұрғыны көліктің уақтылы келуі, ішкі жинақылығы мен тазалығы, жүргізуші мен кондуктордың атқарған қызметіне өз бағасын бере алады.
Оның әдісі де қарапайым. Қосымшаны жүктеудің қажеті жоқ. Бастысы, ұялы телефоныңыздың камерасын қосып, автобустағы QR-код-ты суретке түсірсеңіз болғаны. Кейін автобусты белгілеп, оған қатысты жазбаңызды қалдыра аласыз.
“PROFit” ЖК директорының орынбасары Денис Самохиннің айтуынша, бұл ең алдымен жолаушылар мен тасымалдаушы компания арасында байланыс орнату үшін қолға алынып отыр. «Қанатқақты жоба оң нәтижесін берсе, алдағы уақытта өзге де автобустарға орнатамыз деп жоспарлап отырмыз.
Қазір қалада 7-ші бағытта 13 автобус қатынайды екен. Оның 1-уі аталған жүйеге әзірге енгізілмеген. Өйткені, жоба қолға алынған кезде жаңа автобус әлі өз жұмысын бастамапты.
“Петропавл НОРД” ЖШС пайдалану қызметінің бастығы Светлана Калюжная осы жүйенің көмегімен мамандардың жұмысының сапасын қадағалап отырғандықтарын айтты.
Бүгінге дейін 40-қа жуық адам автобус жұмысына қатысты өз ойын білдіріп үлгеріпті.