«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.08.2019

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ВЕЛОШАБАНДОЗДАР

Петропавлда республикалық көпкүндік веложарыс бастау алды. Дүбірлі дода жыл сайын Кеңес Одағының чемпионы, спорт шебері Алексей Мартыновичтің құрметіне орай өткізіліп тұрады. Байрақты бәсекеге еліміздің 6 өңірінен 90-ға жуық жас спортшы жиылды.

АНА СҮТІ – ТАБИҒИ ҚОРЕК

Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында өңірдегі бірқатар медициналық мекемеде ақыл-кеңес беру шаралары ұйымдастырылды. Апталық аясында нәзік жандар ана сүтінің пайдасы туралы кеңінен мағлұмат алды. 

ТАЗАЛЫҚ – ӨЛКЕМІЗДІҢ КӨРКІ

Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылында орналасқан “Серебрянный бор” демалыс аймағында “Green Help” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен табиғатты қорғауға бағытталған акция өтті. 

«БЛОГЕРЛЕР АЙҚАСЫ» АЯҚТАЛДЫ

Петропавлда алғаш рет ұйымдастырылған «Блогерлер айқасы» өз мәресіне жетті. Байқауға 20-дан астам әлеуметтік желі белсендісі қатысты. Жастар бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін бірнеше минуттық бейнеролик арқылы жеткізуге тырысты. Олар негізінен жұмыссыздық пен экология мәселелерін қозғады.

АВТОБУСТАРҒА QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ

Петропавлдағы № 7-ші бағыттағы автобустарға QR-код орнатылды. Бұл – қанатқақты жоба қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр. Енді қоғамдық көлік қызметіне қатысты шағым, ұсыныс, жалпы пікіріңізді ұялы телефондағы арнайы бағдарлама арқылы білдіруге болады. Енді қаланың кез-келген тұрғыны көліктің уақтылы келуі, ішкі жинақылығы мен тазалығы, жүргізуші мен кондуктордың атқарған қызметіне өз бағасын бере …

АВТОБУСТАРҒА QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ Read More »

ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН

Петропавлда «Қымызфест» фестивалінің аясында ересектер арасында «Ботай» ұлттық ойынынан облыстық турнир өтіп жатыр. Оған Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл қалаларынан және өңір аудандардан бірнеше құрама командалар қатысуда. – «Ботай» – Солтүстік Қазақстан өңіріне ғана тән ойын. Оның бірнеше ерекшелігі бар. Атап өтсем, ойында жылқының сүйегі пайдаланылады және оны ер адамдар ғана ойнайды. Барша солтүстікқазақстандықтардың мақтанышына айналған тарихи …

ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН Read More »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ ЗОР

Жуырда республикалық кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының өкілдері өңірлік бизнес өкілдерімен кездесті. Диалог барысында орталық мамандары салық заңнамасындағы өзгерістерді әңгімелеп, он кәсіпкерге POS-терминал сыйлады.

МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ САПАСЫНА МӘН БЕРГЕН ЖӨН

Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 1 миллион 31 мың теңге  сомасында қаржы жиналды. Шара аясында 61 балаға бюджет қаражаты, ал 221-іне демеуші есебінен көмек көрсетілді. Облыстық білім басқармасы жаңа оқу жылына дейін тағы 10 мыңнан астам оқушыға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.

БІЛІМ ОШАҚТАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Петропавл қаласында 36 мектеп бар.  Соның  ішінде биыл  20 мектеп пен 10 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

683 АДАМ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Түркістан – Петропавл – Қостанай – Көкшетау қалаларын қамтитын баспасөз туры аясында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында шара өтті.

САЛЫМШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

“ Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” акционерлік қоғамының облыстық филиалы ұжымы салымшылар үшін шеберлік сыныбын өткізді. Оның барысында қатысушылар бастапқы жарнаны жинап, қалайша тез ресімдеу және баспананы қай бағдарламамен алуға болатыны туралы мағлұмат алды.