Бұдан былай Петропавл қаласының шеткі аудандарында тұратын мектеп оқушыларын білім орындарына автобус пен жеңіл автокөлік тасымалдайтын болады.
Бүгінгі күні облыс орталығынан алыс аймақта орналасқан аудандар қатарына 2629 километрдегі темір жол айырығы мен Орман шаруашылығы кенті жатады. Бұл шағынаудандардан балаларды арнайы көлікпен мектепке жеткізу жөніндегі шешім бірнеше себептерге орай қабылданып отыр. Аталмыш аудандардан қалаға күнделікті қатынайтын автобус жоқ. Сондай-ақ, бұл мекендерге апаратын жол темір жолмен тоғысады, сондықтан балалардың жүріп-тұруы қауіпсіз емес. “2629 километрдегі темір жол айырығында сегіз мектеп оқушысы тұрады. Оларды №27 орта мектепке тасымалдау үшін “Лада-Ларгус” автокөлігі сатып алынды. Лесхоздан келіп кететін балалар көбірек. Оларды аталмыш мектепке жеткізу мақсатында автобус бөлінді”, деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Сұрағанова.
Көліктер жыл сайын техникалық тексерістерден өткізіледі. Әрі бұл қызмет түрі тегін. Лесхозда тұратын балалар Жұмысшы кентіндегі мектепке 15 минутта жетеді. Ал бұрын қоғамдық көлікпен жүрген кезде олар білім ордасына бір сағатта жететін.
Петропавловск.news.