«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.08.2019

АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ ҚАШАН СОҒЫЛАДЫ?

Қазақстан мектептеріндегі алғашқы қоңырау жексенбі күні 1 қыркүйекте соғылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінен. «Алғашқы қоңыраудан кейін республика мектептерінде сабақ өткізілмейді. Дүйсенбі – 2 қыркүйектен бастап, сабақ белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі», – деп хабарлады министрлік.   www.inform.kz 

ТАҢҒАЖАЙЫП АСТРОНОМИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС

Әр жылдың жаз мезгілінде Персеиданың метеорлық жауыны болады. Оны жерлестеріміз тамыздың 11-інен 12-сіне қараған түні тамашалай алады. Мамандардың айтуынша, дәл сол түні аспан ерекше кейіпке енетін көрінеді.

WHATSAPP ЖЕЛІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Өңір тұрғындарымен байланыс орнату мақсатында облыстық прокуратура WhatsАpp желісін іске қосты. Енді тұрғындар құзырлы орган өкілдеріне гаджеттер арқылы заң бұзушылықтар жайында хабарлай алады.

ҚҰРЫЛЫСШЫ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

Облыс орталығының жыл санап құлпырып, адам танымастай кейіпке енгенін көріп отырмыз. Сұрықсыз үйлер сырылып, орнына жаңа нысандар бой көтеріп, Қызылжардың ажары айшықтала түсуде.  Ескі үйлер көздің жауын алар жарқын түстерге боялуда. Бұл істе, әсіресе, құрыш қолды құрылысшылардың еңбегі ерен. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде өткен салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев сала мамандарын төл  мерекелерімен құттықтады.

АЙДАР ҚАЗОВ – ЖЕҢІМПАЗ

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өтіп жатыр. 4 жылда бір өтетін дүбірлі додаға еліміздің ең мықты спортшылары қатысуда.

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛА МА?

Өңірімізде өзіне-өзі қол салушылардың саны жыл санап көбеймесе, азаяр емес. Статистика жан түршіктіреді. Жыл басталғалы 31 солтүстікқазақстандық өз тағдырына өзі балта шапқан. Арасында жасөспірімдер де бар. Балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесі мектеп психологтарына арналған облыстық семинарда талқыланды.

БИЫЛ 68 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАНҒАН

Қазіргі уақытта қала көшелерінде 400-ден астам камера жұмыс істеп тұр. Оның 300-ден астамы учаскелік полиция бекеттеріне қосылған. Құрылғылардың қылмыстың бетін ашудағы пайдасының зор екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Мәселен, жыл басынан бері  ұрланған 68 велосипедтің басым бөлігі иелеріне қайтарылыпты.

28 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ ТӨБЕЛЕСТЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Петропавлда тамыздың 4-іне қараған түні “Блюз” дәмханасының маңында төбелес болып, адам өлімімен аяқталды. 28 жастағы қала тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2 адамды ұстады. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-тармағы және 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  Сурет www.zakon.kz сайтынан алынды.

МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ЖЕТІЛДІРУ

Облыстық полиция департаменті мен Қазақстан халқы ассамблеясы Медиация күніне орай іс-шара ұйымдастырды. Жиынның мақсаты – медиация институтын дамыту және қос тарап арасындағы осы бағыттағы әріптестікті нығайту. Бұл бастама меморандумға қол қоюмен бекітілді.

ПЕТРОПАВЛДЫҚ ОҚУШЫ ГЕРМАНИЯДАҒЫ САММИТКЕ ҚАТЫСАДЫ

Қала ең бірінші кезекте балалар үшін қолайлы болуы қажет деп санайтын петропавлдық оқушы Әлихан Көшербаев қоғамдық көлікте кездесетін проблемаларға қатысты арнайы жоба жасады. Енді жасөспірім өз еңбегін ЮНИСЕФ ұйымының ұйымдастыруымен қазан айында Германияның Кёлн қаласында өтетін халықаралық саммитте таныстырмақ.

ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң барша мұсылмандар Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуінше, биылғы жылдың Құрбан айт мерекесі 11-13 тамыз күндеріне сәйкес келіп отыр.

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Қазақ күресінің ардакүреңі Бейбіт Ыстыбаевтың есімін жұртшылыққа таныстырудың өзі артық. Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, үш дүркін “Қазақстан барысы” облыс орталығындағы Спорт сарайында қазақ күресінен өткен Қазақстан кубогына арнайы келген екен. Қызылжарға ат басын тіреген атақты балуанмен сұхбатымызды оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

БАЛУАНДАР МОҢҒОЛИЯДА БЕЛДЕСЕДІ

Тамыздың 16-17-сі күні Азия чемпионатын Моңғолияда өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы халықаралық “Qazaq kuresi” федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

ТӨБЕЛЕСПЕН АЯҚТАЛДЫ

Бейсболдың бас лигасының (MLB) матчы командалар арасындағы жаппай төбелеспен аяқталды. “Цинциннати Редс” пен “Питтсбург Пайретс” арасындағы кездесу күтпеген жерден тоқтатылды. Себебі, қолғабын тастай салған “Редс” ойыншысы Эмир Гаррет қарсылас команданың қосалқы құрам ойыншылары отырған жаққа барып, жанжал шығарған. Онысы аздай, жұдырық сілтеген. Кейін оған әріптестері көмекке келеді. Сөйтіп, төбелес бірнеше минутқа созылды. Төрешілер ойыншыларды сабырға …

ТӨБЕЛЕСПЕН АЯҚТАЛДЫ Read More »

ЖАҢАЛЫҚТАР

Азия кубогында топ жарды Алматыда “Almaty ASTC Triathlon Asian Cup – 2019” халықаралық сайысы өз мәресіне жетті. Жарыста әлемнің 19 елінен келген 69 спортшы сайысқа түсті.

СУРЕТШІ ӘРІ БИШІ

Жақында Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жерлесіміз, суретші Станислав Алерттің жеке көрмесі өтті. Талантты жігіт шаһар тұрғындарына өзінің 30-дан астам туындысын ұсынды.

ЖАЙЛЫ ҚОНЫС, ЖОҒАРЫ ЕҢБЕКАҚЫ

“Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім, Кешір мені, кеш мені, сен текті елім! Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш, Жүреді ылғи жанымды өртеп менің”, – деп ақын Қалқаман Сарин жырына арқау еткен­дей, ауылдың қамын ойлау – әрбір азаматтың парызы. Әсіресе, қалада білім алған жастар елді мекендерге барып, жұмысқа орналас­қаны жөн.

БІЗ ТЕАТРҒА НЕГЕ БАРМАЙМЫЗ?

Жазғы демалыс басталысымен Алматы қаласына жол тарттық. “Оң­түстік астана” деген атауға ие бол­ған бұл қаланың әсемдігін сөз­бен айтып жеткізу мүмкін болмас, сірә. Мұндағы мәдени орындардың жөні бөлек. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемле­кеттік академиялық драма театры. Біз Шекспир­дің әйгілі трагедияларының бірі, жазушы Әбіш Кекілбаев аударған “Ромео мен Джульетта” спек­таклін тама­шаладық.

АСАБА, АУЗЫҢА АБАЙ БОЛ!

Әр адам тойға барып, аса­баның әдемі әзілдерін тыңдап, көңіл көтергісі келеді-ақ. Алайда, бүгіндері той басқару мәдениетінен мақұрым асабасымақтар көбейіп кетті. Кейде көңіл көтеру былай тұрсын, ұялғаннан кірерге тесік таппай, ызаға булығатының жасырын емес.

АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚ

“Жастар тәжірибесі” бағдарламасы – жоға­ры оқу орны мен колледжді тамамдаған түлек­тер үшін таптырмас мүмкіндік. Оның аясында қыз-жігіттер өз мамандықтары бойынша жұ­мысқа орналасып, тәжірибе жинай алады. Мә­се­лен, үстіміздегі жылдың басынан бері Пет­ро­павл қаласында 70 жас маман 36 мекемеге ал­ты айлық тағылымдамадан өтуге жіберілген.