«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТ – АҒАШ ШЕБЕРІ

Бала күнінен еңбек етудің маңызын тереңнен түсінген қызылжарлық Азамат Бекеев “Альфа-Север” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ағаш шебері болып жұмыс істейді. Әріптестерінің айтуынша, құрылыс саласында төрт жыл бойы еңбек етіп жүрген ол – өз ісінің нағыз маманы. Ағашты өңдеп, жонып, түрлі құрылыс бұйымдарын, есік, терезе жасауды қолға алған жас жігіт бүгінде бұл істің қыр-сырын бір кісідей-ақ меңгеріп алған.

– Шынымды айтсам, ағаш шебері боламын деген ой есейіп, ес білгенге дейін мазалаған емес. Бұл кәсіпке өмірдің өзі баулыды. Кез келген адам қол қусырып отырудың орнына әрекет етсе, өзіне де, еліміздің дамуына да үлес қоса алады, – деген Азамат алда бағындырар асуларының биік болатынын айтады.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp