«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙДАР ҚАЗОВ – ЖЕҢІМПАЗ

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өтіп жатыр. 4 жылда бір өтетін дүбірлі додаға еліміздің ең мықты спортшылары қатысуда.

Араларында теріскейліктер де бар. Солтүстікқазақстандық зілтемірші Айдар Қазов 81 келіге дейінгі санатта өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ол жұлқа көтеруде – 146, ал серпе көтеруде 189 килограмды еңсерді. Осылайша жоғары санаттағы жүлдені еншіледі. Айта кетейік, Айдар сайыста өзінің басты қарсыласы– Олимпиада чемпионы атыраулық Ниджат Рахимовтың алдын орады.
Айта кетейік, бұл сында тағы бір жерлесіміз Жанәли Тұяқов бақ сынамақ. 2003 жылы туылған бозбала 102 келіге дейінгі санатта күш сынасады. Бұл санатта әлемді бірнеше рет мойындатқан атақты Илья Ильин де бар.

mtrk.kz 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp