«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АЙСҰЛУ” АҒАШ ӨҢДЕЙДІ

Биыл маусым айында Ленинград ауылында “Айсұлу” жеке кәсіпкерлігінің ағаш өңдеу цехы іске қосылған болатын. Бүгінде цехтың аяқ алысы жаман емес. Мұнда есік, терезе, қоршау қадалар жасау қолға алынған. Бағалары да қолжетімді.

– Біздің елде жұмыс істеймін деген адамға барлық мүмкіндік бар. Мен “Айсұлу” жеке кәсіпкерлігін ашу үшін алдымен аудандық әкімдіктің мамандарымен сөйлесіп, ақылдастым. Белді бекем буып, салық басқармасына кәсіпкер ретінде тіркелдім. Сөйтіп, бір аптаның ішінде барлық құжаттарым дайын болды. Өткен күнге өкінбеймін. Қайта ісімді оңғарған Аллаға айтар алғысым шексіз, – дейді “Айсұлу” жеке кәсіпкерлігінің директоры Марат Нұқыбаев.

Қазір кәсіпкерге күн сайын берілетін тапсырыс көлемі де артып келеді. Көрші ауылдар мен аудан орталығынан келетіндер де аз емес көрінеді. Өйткені, ағаш өнімдерінің бағасы қолжетімді. Мысалы, лактанған есіктің құны 25 мың теңге тұрса, 1, 20 сантиметрлік қоршау қадалар 40 теңгеден сатылуда. Зейнеткерлер үшін арнайы жеңілдік те қарастырылған. Ашылғандарына көп уақыт бола қоймаса да, цехта жасалған заттар бір шеті Омбыға дейін жөнелтілуде. Қазір мұнда екі адам жұмыспен қамтылған. Өнім көлемі артқан жағдайда тағы бірнеше жұмыс орнын ашу көзделуде.  

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Ақжар ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp