Облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Валерий Затайдың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша бүгін соттың үкімі шықты.
62 жастағы Валерий Затай Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабы бойынша айыпты деп танылып, алған парасының 60 есесі мөлшерінде, яғни 30 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Ол биылғы қыркүйек айында құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру үшін бір кәсіпкерден 1 500 доллар пара алып жатқан кезінде қолға түскен болатын.