Алматыда өткен Қазақстан Жазушылар одағының қорытынды жиынында бірқатар қаламгерлерге шығармашылық ұйымның марапаттары табысталды. Бұл кеште ондаған ақын-жазушы «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленді. Көпжылдық еңбегі жоғары бағаланғандардың қатарында Айыртау ауданының тумасы, ақын Есенгелді Сүйінов те бар.
Өмірінің ұзақ жылын шығармашылыққа арнаған ақын 1958 жылы Айыртау ауданындағы Мәдениет (қазіргі Қарасай батыр) ауылында дүниеге келген. Жас шағында әдебиет әлемінің есігін имене ашып, кейін ел таныған қаламгерге айналған жанның бүгінге дейін «Мақпалды күндер», «Арайлы таң», «Тербеген теңіз әлдиі» атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның сезімге толы, сыршыл жырлары көңілді тербетіп, жылы әсер қалдырады, ізгілікке үндейді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленген жерлесімізге шалқар шабыт пен табыс тілейміз.
Диас АЯҒАН,
«Soltüstık Qazaqstan».