Өңірде соңғы аптада үш интернет-алаяқтық тіркелді. Қаскөйлер өңір тұрғындарының 13 миллион теңгеден астам қаржысын иемденген.
Мәселен, 37 жастағы петропавлдық 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды. 4 маусымда облыс орталығының тұрғыны полицияға жүгінді. Алаяқтар оған банк қызметкеріміз деп хабарласып, SIM- карта мерзімі аяқталуға жақын екенін айтқан. Олар оны алдап, SMS-кодты айтуға мәжбүрлеп, бірнеше банктен онлайн несие ресімдеуге көндірген. 6 457 000 теңгеден астам қаржы бөгде адамдардың атына тіркелген шоттарға аударылған.
Барлық үш жағдайда да алаяқтар психологиялық қысым жасаған, беделді ұйымдардың атын пайдаланған, техникалық айла-шарғыға барған.
Жыл басынан облыста 268 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Жәбірленушілер өз ақшаларын қорғап жатырмыз деп сеніп, оны алаяқтарға өз қолдарымен берген.
Әдемау МЕҢДІБАЕВА,
облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.