Спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында баскетболдан облыс біріншілігі өтіп, оған 1998-1999 жылдары туған қыздар қатысты, деп хабарлады бізге облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Сайыстың қорытындысы бойынша Тайынша ауданының спорт мектебі жеңімпаз атанды. Ал петропавлдық “Барыс” пен Шал ақын ауданы құрама командаларының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Қанат АТАМАНОВ.