«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЛАҒА АЙТЫЛСЫНШЫ МАДАҒЫМЫЗ

Алдымен аузыма алып Тәңірімді,

Жыр жаздым оқысын деп жаны нұрлы.

Бағаңды батпандай ғып жатсың, жұртым,

Арттырып ата дінмен қадіріңді.

 

Қызылжар, арта берсін қасиетің,

Бабаның орындалып өсиеті.

Төріңнен мешіт салып мерейлі іспен,

Бағаңды бір асырдың бас иетін.

Елімнің тарихынан орын алып,

Дініңді ұстай алдың қолыңа нық.

Ұлттық ұғымдардан көз жазсақ та,

Өзгенің босағасын торымадық.

Сақтадық дәстүр менен дінімізді,

Молайтып шүкір дескен күнімізді.

Бақытты болашаққа бет алдық біз,

Жаһанға жарғақ етіп үнімізді.

Жаны қазақ өңірдің әр баласын,

Көргенде көңіл толып, таңданасың.

Қазақтың көшін сүйреп ертең олар

Иманмен арттырады нар-бағасын.

Он жылды мешітіміз бағындырды,

Мешіт барда жарқырар арың нұрлы.

Осы уақыт ішінде игі істердің

Біразы өз шешімін тауып жүрді.

Осы он жылды біздерге табыс қылған,

Исламдық іліммен табыстырған.

Қасиетті Қызылжар төрі емес пе,

Жап-жас отыз қариды жарыстырған.

Шүкірмен нұрландырсақ сананы біз,

Әлемде естіледі дара үніміз.

Бейбіт күннің күмбезін шайқалтпаған,

Аллаға айтылсыншы мадағымыз.

Сапура қажы ӘМІРЕҚЫЗЫ.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp