«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫН ҚАЗЫНА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы” атты кітап көрмесі ашылды. Онда қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жазылған 500-ге жуық кітап қойылған. Көрменің алғашқы бөлімі Елбасына арналған.

– Біз бүгінгі көрмеге соңғы жиырма бес жылда кітапханамызға түскен үздік туындыларды іріктеп алдық. Әр жастағы оқырмандарға арналған көрме желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, – деді кітапхана қызметкері Қайыржан Мәлікова.

Айта кету керек, бұл көрмеде бастауыш сынып оқушыларына арналған ерекше үлгідегі кітаптар да бар. Мәселен, “Менің Отаным – Қазақстан!” атты туындының формасы киіз үйге ұқсас етіп жасалып, түрлі түсті бояулармен әшекейленген. Іші рухани құндылыққа толы мұндай әдемі кітаптарды көрмеге келген кішкентай оқырмандар асқан қызығушылықпен тамашалауда.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp