«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚ

“Жастар тәжірибесі” бағдарламасы – жоға­ры оқу орны мен колледжді тамамдаған түлек­тер үшін таптырмас мүмкіндік. Оның аясында қыз-жігіттер өз мамандықтары бойынша жұ­мысқа орналасып, тәжірибе жинай алады. Мә­се­лен, үстіміздегі жылдың басынан бері Пет­ро­павл қаласында 70 жас маман 36 мекемеге ал­ты айлық тағылымдамадан өтуге жіберілген.

Петропавл қалалық жұмыспен қам­ту орталығының маманы Батыр Серіков­тің айтуынша, бағдарламаға қатысушыларға ай сайын 63 мың теңге еңбекақы төленеді.
– Биыл бағдарлама аясында 175 қыз-жігітті жұмысқа орналастыру жоспарланған. Орта­лыққа екі қолға бір күрек іздеп келушілердің қа­тары қалың. Қандай да бір мекемеде немесе кәсіпорында бос жұмыс орны болса, олар ал­дымен бізге хабарлайды. Осылайша, жастарды сол мекемелерге бағыттаймыз. Тәжірибе жинақтауға берілген алты ай уақыт жас маманның еңбек өтілінің мерзіміне де кіргізіледі, – дейді Батыр Серіков.
Аталмыш бағдарламаның көмегіне Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж­дің түлегі Ұлмекен Ділдәбекова осыдан екі ап­та бұрын жүгінген. Нәтижесінде Петропавл қа­лалық азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлі­міне жұмысқа орналасқан. Ол об­лыс орталығында некеге тұрған ерлі-зайып­­тылар туралы мағлұматты арнайы базаға енгізумен айналысады.

Эльмира СӘДУАҚАСОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp