«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АМАНЖОЛДЫҢ ТАҢДАУЫ

Өңірімізде жұмысшы мамандық­та­рына қызығатын жастардың саны жыл санап артып келеді. Қол жұ­мы­сынан қаймықпаған жерлестері­міздің бірі – Аққайың ауданындағы Полтавка ауылының тумасы Аман­жол Шауқаров.

Ол – Петропавл құрылыс-экономи­калық колледжінің 3-курс студенті. Дәнекерлеуші, сылақшы, кондитер сияқты мамандарды даярлайтын кол­леджде кеңпрофильді құрылыс шебері мамандығы бойынша оқып, тұрғын үй және өндірістік нысандар­ды салудың әдіс-тәсілдерін үйрену­де. Яғни, ол дәнекерлеу, тас қалау, сы­лақ, бетонмен және арматурамен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеруде. Колледж басшылығы студент­терді әрдайым облыс орталығын­дағы кәсіпорындарға өндірістік тәжірибеге жібереді. Аманжол “Пилон” жауапкершілігі шектеулі серіктесті­гінде біліктілігін шыңдауда.
– Құрылысшы – мәртебелі мамандық. Жылы да жайлы баспана салған құрыш қолды жұмысшылардың еңбегі ешқашан елеусіз қалған емес. Маңдай тердің өтеуі – еңбекақысы да жоғары. Қазіргі таңда өңірімізде тас қалаушылар мен дәнекерлеушілерге сұраныс артып отыр. Сондықтан екі қолға бір күрек таппай жүрген жастар жұмысшы маманды­ғын меңгерсе ұтылмайды, – дейді Аманжол Шауқаров.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,  “Soltústik Qazaqstan”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.
СУРЕТТЕ: А.Шауқаров жұмыс үстінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp