«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Облыстық ардагерлер кеңесінде өткен жиында бір топ қадірменді қарттарымыздың кеудесіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медаль тағылды. Марапаттау рәсімін өткізген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, аға буын өкілдеріне еліміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

– Егеменді еліміздің жиырма бес жылында атқарылған іс-шаралардың ғасырлық маңызы бар. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге танылып отыр. Бұл барша халықтың құт-берекені бағалап, қажымай еңбек етуінің арқасы деп білемін. Біздің ардагерлеріміз еліміздің қалыптасу жылдарындағы ауыр қиындықтарға мойымай, төзімділікпен жұмыстарын жалғастырып, қызметтерін атқара білді. Бүгінде, міне, сол тәуелсіздік таңының жемісін бірге көріп отырмыз, – деген құттықтау сөзінен кейін Ескендір Есмақұлы ардагерлерге мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Корабельников “Ерен еңбегі үшін”, Айыртау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Армия Әбілқайыров “Еңбек ардагері” медальдарымен марапатталды. Сондай-ақ, 19 ардагерге “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалі табыс етілді. Солардың арасында облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің ардагер журналистері Мұрат Нұрмұқанов пен Зейнолла Әкімжанов та бар.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp