“Ұлы Дала елi – Тәуелсiздiктiң 25 негізі” 25 жұлдызды күн акциясы аясында Қызылжар аудандық Мәдениет үйінде ардагерлер хорының шығармашылық концертi және “Елбасының ғаламдық бастамалары” атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды.
Шығармашылық кеште аудандық Мәдениет үйiнiң “Бескөл нұры” қазақ және орыс халықтық хорлары, Якорь ауылдық Мәдениет үйiнiң “Мелодия” вокалдық тобы өнер көрсетті.
Кеш соңында аудан әкiмiнiң орынбасары Мара Жұмабаева мен жергілікті ардагерлер ұйымының төрағасы Жұманғали Қожахметов шараға қатысқандарды мерекемен құттықтап, хор мүшелерiне Алғыс хат және сыйлықтар табыс еттi.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.